Кітапхананы дамыту бөлімі
Утегулова Ләззат Жолдыбекқызы
Құрылымдық бөлімнің мекен-жайы: Шымкент қаласы , Тәуке-хан даңғылы 5, кабинет 217, (бас ғимарат)
Сымтетік: 8(7252)21-19-92
E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Жұмыс уақыты:
Күн сайын: 9.00-18.00
Демалыс күні: Сенбі, жексенбі
Ақпараттық білім беру орталығы (АББО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығына сәйкес білім беру жүйесі кітапханаларының үйлестіруші ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталығы болып табылады және Қазақстан Республикасы БжҒМ жанындағы Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының (РҒПК) жалпы әдістемелік нұсқауларын жүзеге асырады.
Бөлімінің негізгі міндеттері:
- АББО бөлімдері мен аймақтың ЖОО кітапханаларына кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметін үйлестіру және әдістемелік кеңес беру;
- ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу, сондай-ақ АББО құрылымдық бөлімдерінің жоспарлары мен есеп беру құжаттарын қабылдау;
- кітапхана қызметін регламенттейтін нормативтік және өзге де құжаттаманы дайындауға қатысу;
- алдыңғы қатарлы кітапханалық тәжірибені анықтау, зерттеу, насихаттау және енгізу;
- АББО мен ЖОО кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату жүйесі бойынша іс-шараларды: конференциялар, семинарлар, дөңгелек столдар, курстарды ұйымдастыру;
- АББО-ның қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және құрылымдық бөлімшелеріне қатысу, бақылау;
- АББО әдістемелік кеңесін ұйымдастырып, кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалау.
Бөлімінің негізгі қызметтері:
- пайдаланушының ақпараттық қажеттіліктерін анықтау, зерттеу және талдау;
- кітапхана ісі бойынша отандық және шетелдік тәжірибені жинақтау, зерттеу, талдау;
- студенттерінің білім деңгейін көтеру үшін АББО қорында жасақталған құжаттарды пайдалана отырып, мәдени мұраны ашуға бағытталған, университеттің бұқаралық іс-шараларына қатысу;
- «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері мен магистранттарының өндірістік тәжірибесін АББО базасында өту.